Мемлекеттің көлік саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі жол картасы әзірленуде

Мемлекеттің көлік саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі жол картасы әзірленуде Сурет: Gov.kz

Логистика және көлік академиясында оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңейтілген Республикалық оқу-әдістемелік кеңес отырысы өтті.


Мәселелерді талқылау және жастар арасында көлік кәсіптерінің тартымдылығын арттыру тетігін әзірлеу үшін Логистика және көлік академиясы алаңында 2023 жылы 1 және 2 желтоқсан күндері «Инженерия және инженерлік іс», «Көлік қызметтері» мамандарын даярлау бағыттары бойынша ҚР ҒжЖБМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігінің (ҚР ҒжЖБМ РОӘК ОӘБ) кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігіне сілтеме жасап. 


Аталған іс-шара аясында «ҚТЖ» ҰК АҚ қолдауымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, ҚР Көлік министрлігі, салалық қауымдастықтары мен одақтары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП және көліктік-логистикалық бағыт бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарының өкілдерінің қатысуымен «Сенімді түлек» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.


Бірінші күні пленарлық және секциялық отырыстарда теміржол көлігі мен логистика үшін кадрлар даярлауға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, күн тәртібінде өзекті білімі мен дағдылары бар, тез өзгеретін жағдайда жедел шешім қабылдауға қабілетті жаңа буын мамандарын даярлау үшін көлік жоғары оқу орындарының жұмыс берушілермен және көлік-логистика саласының салалық қауымдастықтарының өкілдерімен ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылын дамытуға бағытталған маңызды және стратегиялық мәселелер қарастырылды.


Дөңгелек үстелдің екінші күні Автомобиль көлігі мен автомобиль жолдарына басымдық берілді. Көлік ғылымын дамыту және білім беру жүйесі үшін қазіргі заманғы сын-қатерлер туралы мәселелер қозғалған жерде көлік саласындағы білікті кадрлармен қамтамасыз ету және халықаралық көлік қызметтері саласындағы білікті кадрлардың тапшылығы мәселелері бойынша белсенді пікірталастар болды.


45-тен астам ЖОО белсенді қатысқан РОӘК ОӘБ кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша , мемлекеттің көлік саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі жол картасы әзірленуде. Сондай-ақ, Логистика және көлік академиясы мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ екі күндік отырысы аясында ALT, МТМУ, ҚазҰТЗУ студенттері үшін мотивациялық сессиялар және білім алушылар мен ОӘБ мүшелері үшін тренингтер өткізілді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37