Мемлекеттік тапсырыс

Мемлекеттік тапсырыс
liter.kz

Егер жұмыс жүйелі жүргізілсе, тауар мен қызмет көрсету сапасы да жақсарар еді

Мемлекет өзіне қажеттің бәрін – қызметті, тауарды, әлеуметтік жобаларды осы мемлекеттік тапсырысты беру арқылы реттейді.

Мемлекеттік тапсырыс – мемлекеттің қаржысын жұмсаудың бірден-бір механизмі. Қазіргі таңда кез келген мемлекеттік мекеме сыпырғы керек болса да, мемтапсырысты пайдаланып, тендер жариялайды. Қаржы осы мемтапсырыс арқылы айналып жатыр. Егер осы жүйе сапалы жұмыс істейтін болса, сапалы қызмет көрсетіледі, сапалы тауар алынады.

Жолдауда «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдануға тиіс деп айтылды. Қазір көптеген жоба кейбір кәсіпкерлер мен шенеуніктердің майшелпегіне айналды. Келісім-шарттар ашық және конкурстық негізде жасалуға тиіс. Осы мақсатта тиісті заң қабылдау қажет. Жолдаудың осы бөлігі орындалса, қоғамда айтарлықтай өзгеріс орын алатынына сенуге болады.