Мемлекеттік рәміздер туралы «Қазақ геральдикасы» кітабы жарық көреді

Мемлекеттік рәміздер туралы «Қазақ геральдикасы» кітабы жарық көреді
Сурет: Egemen.kz

Қазақстандық ғалымдар «Қазақ геральдикасы» атаумен мемлекеттік рәміздерге арналған кітап шығаруды жоспарлауда.

Геральдикалық зерттеулер орталығының ғалымдары қазір тиісті материалдарды жинап, зерттеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ғалымдардың айтуынша, рәміздердің тарихи символикалық мәні өте жоғары. Оны тереңнен зерттеу тарих қатпарында қалған тың мәліметтерді ашуы мүмкін. Бұл мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған үлкен тарту болмақ.

"Тарих саласындағы ғалымдарымызбен бірге қазір «Қазақ геральдикасы» кітабын шығару үстіндеміз. Геральдиканың өзі - өткен өміріміздің немесе өткен ғасырларымыздың тарихы. Қазіргі таңда осы нышандардың кейбірі қолданылып жүр. Ұмыт болған геральдикалық белгілерді, иероглифтерді бүгінде ғалымдарымыз зерттеп жатыр", - деді Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Баяжұма.