Мемлекеттік қызметті электронды форматта алушылар саны артып келеді

Мемлекеттік қызметті электронды форматта алушылар саны артып келеді Сурет: Tulapressa.ru

2020 жылмен салыстырғанда 12%-ға артқан.  


Қазақстан Үкіметі халыққа неғұрлым ыңғайлы және заманауи түрде қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Еңбекминінің басшысы өз сөзінің басында әлеуметтік-еңбек саласында 45 мемлекеттік қызмет көрсетілетінін атап өтті. Министрлік халыққа неғұрлым ыңғайлы және заманауи түрде қамтамасыз ету үшін оларды цифрландыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда.



«Өткен жылы ағымдағы бизнес-процестерге жүргізілген талдау нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің дамуын тежейтін бірқатар факторлар анықталды. Атап айтқанда, олар - зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау үшін қажетті «тарихи» деректердің болмауы, мобильді азаматтар базасында тіркеудің болмауы. Осыған байланысты біз мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін реинжиниринг және трансформациялау бойынша жұмыс жүргізудеміз.


Бүгінгі күні электрондық форматта 45 мемлекеттік қызметтің 42 түрі немесе 93% ұсынылады, оның ішінде 21 қызметті немесе 43% проактивті түрде алуға болады.


2021 жылы әлеуметтік-еңбек саласында барлығы 12,6 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 9,1 млн немесе 72% электрондық түрде көрсетілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 12% - ға артық. 2025 жылға қарай біз барлық мемлекеттік қызметтерді 100% электронды форматқа көшіруді жоспарладық», – деді Серік Шәпкенов.



Министр сондай-ақ, халықтың қызмет алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында өткен жылдың қазан айында Еңбекмині екі банкпен бірлесіп, олардың платформаларында бала тууға байланысты мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша сервистерді іске асырғанын атап өтті. Тек 2021 жылдың төртінші тоқсанында балалары бар 16,5 мыңнан астам отбасы үйде отырып, ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы қызмет алды. Осы практиканы басқа банктердің мобильді қосымшалары арқылы енгізу жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.



«Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін оңтайландыру мақсатында 17 қызмет түрі бойынша эксаумақтық қағидатын енгізілді. Яғни, азаматтар орналасқан жеріне қарамастан, мемлекеттік қызметті алу үшін кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны уақытша Алматыда тұрып, кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өзіне тиесілі әлеуметтік төлемді алуға өтініш бере алады. 2021 жылдың төртінші тоқсанында 22,6 мыңнан астам азамат эксаумақтық қағидат бойынша қызмет алды.


Сондай-ақ, операциялық шығындарды үнемдеу мақсатында біз бір азаматқа тағайындалған бірнеше әлеуметтік төлемдерді бір төлемге біріктіріп аударуды жүзеге асырдық. Соның арқасында 2021 жылдың 7 айында 3 млрд. теңге үнемдедік, ал жыл сайын 6 млрд. теңге үнемделетін болады», – деді Серік Шәпкенов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31