Мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өтті

Мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өтті
сурет: Baq.kz

Турнирге 8 команда қатысты

Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ҚР ҰҚК-нің 30 жылдығына орай шағын футболдан турнир өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ke сілтеме жасап.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті аппаратының командасы III-орынды, Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің командасы II-орынды иеленді. Турнирдің жеңімпазы Алматы облысы полиция департаментінің командасы болды.
Жеңімпаздар сыйлықтармен, кубоктармен, грамоталармен марапатталды. Соңында Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы барлық қатысушыларды жеңісімен және ҚР ҰҚК-нің 30 жылдығымен құттықтап, денсаулық, сәттілік және еңбекте табыс тіледі.