Мемлекеттік хатшы «Qazaqstan» РТРК Алматы филиалына барды

Мемлекеттік хатшы «Qazaqstan» РТРК Алматы филиалына барды
Сурет: Elorda.info

Ерлан Қарин «Qazaqstan» телерадиокомпаниясының Алматы филиалына қарасты ғимаратты аралап көрді

"Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде Алматыдағы бес бірдей телеарнаға шабуыл жасалғаны баршаңызға белгілі. Бүгін Алматы қаласына жасаған жұмыс сапарымда «Qazaqstan» телерадиокомпаниясының Алматы филиалына қарасты ғимаратты аралап көріп, телеарна қызметкерлерімен әңгімелестім".

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Студиялар өртенген, ғимарат бүлінген. Ең өкініштісі, қаңтар оқиғасы кезінде ұлттық журналистиканың қара шаңырағы саналатын Qazaqstan телеарнасының жылдар бойына жинаған мұрағаттық жазбаларының баға жетпес, түпнұсқадағы аудио-бейне қорының біраз бөлігі жойылып кетті.

Телеарнаның зардап шеккен студиялары жақын арада қайта қалпына келтіріледі. Аман қалған бейнетаспаларды цифрландыру жұмысын жедел түрде қайта бастайтын боламыз, – деді Ерлан Қарин.