Мемлекет пәтер жалдап тұратындардың ақшасын қайтарады

Мемлекет пәтер жалдап тұратындардың ақшасын қайтарады
Сурет: Аtamekenbusiness_qaz

Біршама жылдан бері айтылып келе жатқан тұрғын үйді субсидиялау тетігі жуырда іске қосылды.

Өтінімдер otbasybank.кz платформасында ЭЦҚ көмегімен қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл көмекті кімдер ала алады:

көп балалы отбасылар,

І және ІІ топтағы мүгедектер,

жетім балалар,

халықтың әлеуметтік осал тобына жататын мүгедек баласы бар отбасылар.

Бүгінде елімізде шамамен 600 мың адам кезекте тұрса, соның 215 мыңы жоғарыда аталған халықтың әлеуметтік осал тобына жатады. Жалға алған үйді субсидиялау қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген. Яғни баспананың 50 пайызы мемлекеттік субсидия есебінен жабылады да, қалған 50 пайызын көмек алушы өзі төлейді.

Бағдарламаның операторы – Отбасы банк. Өтінішті қабылдау осы жылдың 18 сәуірінде басталды. Субсидиядан дәмелі отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 36 018 теңгеден аспауы тиіс. Өтінімдер otbasybank.кz платформасында ЭЦҚ көмегімен қабылданады.