Мемлекет қаржысына түсірілген фильмді көрсеткендер мемлекетке ақша аудара ма?

Мемлекет қаржысына түсірілген фильмді көрсеткендер мемлекетке ақша аудара ма?
Сурет: Mos.ru

Бұл туралы бұйрық 4 наурыздан бастап күшіне енеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 ақпандағы бұйрығымен Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдар жасау қағидасына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Атап айтқанда, құжатта мемлекеттік орталық арқылы ұлттық фильмді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған жеке және заңды тұлғалар Мемлекеттік орталыққа ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден аударымдарды іске асыратыны жазылған.

Аударым ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымның үлесі арасындағы айырмадан мынадай көлемде аударылады:

әлеуметтік маңызы бар фильмдерді, дебюттік фильмдерді, оқиғалы фильмдерді прокаттаудан және көрсетуден – табыстың 20 пайызы;

         көрермендердің үлкен аудиториясына арналған ойын фильмдерінен, бірлесіп шығарылған фильмдерден, прокаттаудан және көрсетуден – алынған мемлекеттік қолдаудың пайыздық арақатынасына мөлшерлес.