Мемлекет грантын жеңіп алды

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Мемлекет грантын жеңіп алды almaty-akshamy.kz

Алматылық Данияр Буксукбаев «Бизнестің жол картасы–2025» бағдарламасы шеңберінде косметика өндірісі бойынша 5 млн. теңге көлемінде инновациялық грант ұтып алды. Оған грант алғанға дейін «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы қолдау көрсеткен болатын.


Даниярдың бұл салада жұмыс істеп жатқанына 5 жыл. Иә, көп уақыт емес. Бірақ алға жылжу бар. Шыны керек, қазір сөрелерде шет елдің косметикалық өнімдері самсап тұр. Тіпті, қайсысы пайдалы, ал қайсысы зиян екенін біліп, айырып жатпаймыз да.



– Келіншегім босанғаннан кейін де бетіндегі дақтардан арыла алмады. Ол түрлі косметикалық жақпамайларды сатып алып пайдалана бастады. Бірақ ешқайсысы көмектеспеді. Тіпті, кейбір косметикалық заттар аллергиялық реакция берді. Өйткені, көбінің құрамында химиялық қоспалар көп, – дейді ол.



Сөйтіп, зайыбы Оксанамен бірге крем жасап көрсек қайтеді деген шешімге келіп, өз беттерінше ізденіп, нәтижесінде өз үйінде крем жасап шығарып, үш айдың ішінде беттегі пигментацияны кетірген. Бұл туралы құлағдар болған жақын-жуықтары мен достары «сиқырлы» крем туралы естіп, тапсырыс бере бастайды. Сөйтіп, ерлі-зайыпты өзгеше кәсіпті, яғни сапалы косметика шығаруды қолға алады. Шағын ғана LORIEN тарихы осылай бастау алған болатын. 


Иә, қазір олардың шаш, бет және дене терісіне күтім жасауға арналған жоғары сапалы косметикалар шығаратын өз өндірісі бар. Өнімдері «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 009/2011 талаптарына сәйкес зертханада жүргізіледі.



– Өнімдердің құрамы Ресей мен Еуропаның косметикалық химия саласындағы ең мықты мамандарының көмегімен жасалады. Өнімді әзірлеуде біз бет пен дененің, сондай-ақ шаштың терісіндегі проблемаларды шешуге тек ғылыми тәсілді қолданамыз. Ассортимент әлі үлкен болмаса да, біздің әр өніміміз - ғылым мен өнердің ерекше туындысы. Тек АҚШ пен Жапонияда аналогтары бар, әлемдегі пигментацияға қарсы күрес бойынша ең тиімді құралдардың бірі болып табылатын транексам қышқылы қосылған ағартқыш креміміздің өзі біздің мақтанышымыз, – дейді Данияр Буксукбаев.



Бүгінгі таңда LORIEN ассортиментінде өнімнің 22 атауы бар, олар кремдер, бальзамдар, сарысулар, тониктер, скрабтар, жуынуға арналған көбіктер, маскалар және инновациялық сұр шашқа туған түсін қайтаратын шаш лосьоны. Даниярға мемлекеттен қолдау тауып, арнайы грант жеңіп алуына да дәл осы лосьон мұрындық болған болатын.

Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение