Мемлекет басшысының қатысуымен AMANAT партиясының съезі басталды

Мемлекет басшысының қатысуымен AMANAT партиясының съезі басталды
Сурет: Inform.kz

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен AMANAT партиясының съезі өз жұмысын бастады.

21 сәуірде партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Президент осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Съезд барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланған. Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен аптада Мемлекет басшысы Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдады .

Президент тұрғындармен кері байланыс жасау ісін күшейту, аймақтарда депутаттық фракциялардың тиімділігін арттыру және партияның жастар қанатын жаңғырту қажеттігіне баса мән берді. Мемлекет басшысы азаматтарды толғандырған мәселелерді шешу үшін Amanat партиясында барлық қажетті ресурс бар екенін атап өтті.

Президенттің пікірінше, партияның аймақтық филиалдары осы мәселеде негізгі рөл атқаруға тиіс және өз деңгейінде мазмұнды қоғамдық диалогты нығайтуы қажет. Биыл наурыз айында ADAL партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали партияның AMANAT-қа қосылу шешімін түсіндірді .