Мемлекет басшысын мадақтаудан гөрі жұмысты адал атқару маңызды - Президент

Мемлекет басшысын мадақтаудан гөрі жұмысты адал атқару маңызды - Президент Сурет: Akorda.kz

 Барлық мемлекеттік қызметшілерге осыны айтқым келеді, деді Президент.


Бұл туралы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғасын табады. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, министрлердің, әкімдердің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің бойында негізгі екі қасиет болуы керек. Бұл – профессионализм, яғни нағыз маман болу және отаншылдық. Ал, олардың Президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес. Мемлекет басшысын мадақтаудан гөрі жұмысты адал атқарып, халықтың алдында абыройлы болу әлдеқайда маңызды. Барлық мемлекеттік қызметшілерге осыны айтқым келеді», - деді Президент.



Бұл орайда Мемлекет басшысы өзгерген президенттің өкілеттілік мерзіміне қатысты пікір білдірді.



«Жасалған реформалардан кейін Қазақстан Президенті мемлекеттік басқарушы, яғни Конституцияда көрсетілген 7 жылдық мерзімге халықпен өзара келісімшартқа отыратын менеджер ретінде қызмет етеді. Президент – әулие емес, халықтан биік тұлға емес», - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11