Мемлекет басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Cурет: Egemen.kz

Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді.

Мемлекет басшысы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап twitter-дегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!», деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.