Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Татарстанда болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты
Қазақстан Президенті Татарстан Республикасы Мензелинск қаласының маңында кісі өліміне әкеліп соқтырған ұшақ апаты туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін», – деп жазылған жеделхатта.