Мемлекет басшысы Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесті

Мемлекет басшысы Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесті akorda.kz
Қазақстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысуға келген Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz akorda.kz сілтеме жасап.



Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті АӨСШК жұмысына белсенді қатысқаны үшін Вьетнам тарапына алғыс айтып, екі ел арасындағы табысты ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Тхи Ань Суан өзара сауда-экономикалық іс-әрекеттің табысты дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан мен Вьетнам халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығая түскенін, екі ел арасындағы әуе қатынасын ашу туралы айтты. Сондай-ақ сауда, туризм, аграрлық, көлік-логистикалық және қаржы салаларындағы байланыстарды күшейту үшін мол әлеует бар екеніне назар аударылды.


Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президенті Нгуен Суан Фукке сәлем жолдады.


Өз кезегінде Во Тхи Ань Суан өз мемлекетінің басшылығы атынан Қазақстан Президентіне Вьетнамға сапармен келуге шақыруын тапсырды.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37