Мемлекет басшысы Сингапур Президентін «Достық» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Сингапур Президентін «Достық» орденімен марапаттады
Сурет: Akorda.kz

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың Президенті Халима Якобты «Достық» орденімен марапаттады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы және Сингапур Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Сингапур Президенті Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді», - деп жазды ақпарат көзі.