Мемлекет басшысы "Рақымшылық жасау туралы" заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Рақымшылық жасау туралы" заңға қол қойды
Сурет: Egemen.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Бұған дейін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңы қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Құжаттың мақсаты – аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату және кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту. Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады», - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев