Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады Сурет: Akorda.kz

Асайын Байханов облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Асайын Байхановтың мәлімдеуінше  облыс экономикасына 965 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп. 


Облыс әкімінің мәліметінше,  жолаушылар тасымалы секторында 31 пайыз, машина жасау ісінде 13 пайыз, құрылыс саласында 8 пайыз өсім байқалады. 73 шақырымнан астам жылумен қамту желісіне реконструкциялау жұмыстары жүргізілген.  Екібастұз жылу электр орталығындағы барлық 10 қазандық агрегат жөнделген.  техникалық суға арналған 11 шақырым жаңа құбыр тартылып, 5,4 шақырым магистральды жылумен қамту желісіне реконструкция жасалған. 


Бұдан өзге облыстағы ауылдарда үш заманауи мектептің салынуы апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселені шешуге мүмкіндік берген. Өңірде 54 білім беру ұйымы толықтай жаңғыртылған. Екі жыл ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 30 жаңа медициналық нысан салынады. 



«Облыста қоғамдық көлік жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары басталған. Былтыр қалалық автобус паркі 130 жаңа автобуспен толықтырылған. Сондай-ақ 722 шақырым автожол жөнделген. Былтыр 37 мыңнан астам халқы бар 44 ауылға жаңа су құбыры тартылған. Осылайша, облыстағы ауыл тұрғындарының 98 пайызына таза ауызсу жеткізілген» - делінген хабарламада. 



Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне Ертіс өңірін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37