Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының төрағасын қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Мәулен Әшімбаев Парламенттің VII шақырылымдағы 2-сессиясында Сенат атқарған жұмыстардың қорытындысы жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордада 14-15 қыркүйек аралығында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық барысы жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Форумға қатысушылар пандемиядан кейін адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі конфессия көшбасшыларының рөлін талқылайды. Съезге жоғары деңгейдегі діни және рухани көшбасшылар қатысады деп жоспарланған. Съезд хатшылығы форумды ұйымдастыру және мазмұны жағынан жоғары деңгейде өткізу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Мәулен Әшімбаев Парламенттің VII шақырылымдағы 2-сессиясында Сенат атқарған жұмыстардың қорытындысы жөнінде мәлімет берді.

Қазіргі уақытта Парламент 68 заңды қабылдап, Мемлекет басшысына жолдады. Сенат депутаттары осы сессия барысында 18 заң жобасына бастамашы болған. Мемлекет басшысына Конституциялық реформалар аясында заң шығару процедурасын оңтайландыру үдерісі жөнінде ақпарат берілді.