Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды
Сурет: Кapital.kz

Ресми сапар.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасының астанасы Сеул қаласына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев – пандемия басталғалы бері Оңтүстік Кореяға сапармен келген әлемдік деңгейдегі бірінші көшбасшы. Мемлекеттік сапар бағдарламасы аса ауқымды. Ертең, 17 тамыз күні, Президент Мун Чжэ Инмен келіссөз өткізу жоспарланған. Онда тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады. Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мун Чжэ Инмен бірге Корея бизнесінің жетекшілерімен кездесу өткізеді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Кореяның ұлттық батыры, өмірінің соңғы жылдарында Қазақстанда тұрған генерал Хон Бом Доны еске алуға арналған іс-шараға қатысып, Отан үшін құрбан болғандардың монументіне гүл шоғын қояды.

Бұдан кейін Кореяның ірі компанияларының қатысуымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді. Сондай-ақ БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен жүздесу жоспарланған, деп жазды ол фейсбук парақшасыда.