Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Cурет: Ақорда

Қазақстандықтардың барлық ұсынысы мен көтерген мәселелері пысықталады

Мәжіліс спикері Президентке конституциялық реформаларды одан әрі жүзеге асыруға қатысты алдағы заң шығару жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Мемлекет басшысына Мәжіліс депутаттары мен «AMANAT» партиясының мүшелері референдумның мән-маңызын түсіндіру науқаны барысында азаматтардан 20 мыңнан астам өтініш жинағанын айтты. 

Үкіметпен бірлесе отырып, қазақстандықтардың барлық ұсынысы мен көтерген мәселелері пысықталады және заң шығару жұмысы кезінде ескеріледі. Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының 6 маусымда Ереванда өткен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің көшпелі отырысына қатысқаны жөнінде айтты. 

Парламенттік Ассамблея халықаралық және аймақтық деңгейде қауіпсіздік мәселесін шешу үшін БҰҰ аясында ҰҚШҰ бітімгерлік әлеуетінің дамуы талқыланды.