Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады

Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады
akorda.kz
Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Президентке көмірсутегі секторындағы бірқатар бірлескен жобаның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі ірі «Қаламқас-теңіз» жобасының негізгі қағидаттары туралы келісімге «ҚазМұнайГаз» бен «Лукойл» компанияларының қол қойғаны, сондай-ақ «Хвалынское» кен орнының игерілуі жөнінде айтылды.

Қазақстан Президенті еліміздің «Лукойл» компаниясымен серіктестігінің даму барысына көңілі толатынын атап өтті.