Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді Сурет: Ашық дереккөз

Көмір жағатын электр станциялары мен қазандықтар экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында экология және су қауіпсіздігі мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйі жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар мемлекеттік орган басшылары мен өңір әкімдері жекелеген мәселелер бойынша есеп берді, делінген Ақорда хабарламасында.


Президент отырыс барысында экологиялық қауіпсіздікке қатер төндіретін табиғи және антропогендік факторларға қарсы күрес аса маңызды екенін атап өтті.



"Соңғы жылдары көптеген елдің үкіметтерінің белсенділігі артты. Экологияны жақсарту, «жасыл» экономикаға көшу және көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізу үшін батыл шешімдер қабылданып жатыр. Ұрпағымыздың дені сау болып, ауасы таза елде өмір сүргіміз келсе және мемлекетімізді бүкіл әлем мойындағанын қаласақ, біз олардан үлгі алуымыз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы экология саласында шұғыл шешім қабылдауды қажет ететін проблемаларға баса назар аударды.



"Кеңес кезеңінен келе жатқан көптеген өндіріс орны, көмір жағатын электр станциялары мен қазандықтар экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырды", – деді Президент.



Бұдан бөлек, жиында қоршаған ортаны қорғауға үлкен жауапкершілікпен қарау жөнінде бірқатар мәселе көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13