Мемлекет басшысы ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанған Малика Зиядинді құттықтады

Мемлекет басшысы ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанған Малика Зиядинді құттықтады
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік.

Қасым-Жомарт Тоқаев ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанған Малика Зиядинді құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей атақты иеленуің – Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. Сен тума талантың мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің арқасында осындай биік белесті бағындырдың. Өзің ізін басып келе жатқан қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратыныңа кәміл сенемін, – деп жазылған Президенттің құттықтау хатында.

Мемлекет басшысы Малика Зиядиннің әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдірді.