Мемлекет басшысы ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді

Мемлекет басшысы ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді
Cурет: Ашық дереккөз

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) – 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені;

Несмиянов Александр Александрович (марқұм) - 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі;

Сүлейменов Ыбырайым (марқұм)  – 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы. 

 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының

        Президенті  Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 мамыр

                 № 889