Мемлекет басшысы Эммануэль Макронмен телефон арқылы келіссөздер жүргізді

Мемлекет басшысы Эммануэль Макронмен телефон арқылы келіссөздер жүргізді
Cурет: Ақорда

Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті

Француз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланды. 

Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті. 

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының Президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескен болатын.