Мемлекет басшысы ел тұрғындарын Амал мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы ел тұрғындарын Амал мерекесімен құттықтады
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.