Мемлекет басшысы: Бұл реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайту

Мемлекет басшысы: Бұл реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайту
Сурет: Inform.kz

Бүгін Мемлекет басшысы республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан халқына арнаған бейнеүндеуінде Президент елімізде әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекетке айналатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

"Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз. Бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Әркім қарым-қабілетіне сай қоғамнан өз орнын иеленеді. Халықтың ой-санасы жаңғырып, өмір салты өзгереді. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша, Екінші Республиканы қалыптастырамыз. Конституциялық реформа мұның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды елдің ертеңі, ұрпақтың келешегі үшін референдумға қатысуға шақырды. Ол халықтың ұлт мүддесіне сай бастамаларды қолдайтынына сенім білдірді.