Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Cурет: Ашық дереккөз

Заңның  мәтіндері і баспасөзде жарияланады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Заңдар мәтіні баспасөзде жарияланады.