Мемлекет басшысы: Биыл Қазақстан-Ресей дипломатиялық байланысының 30 жылдығын атап өтеміз

Мемлекет басшысы: Биыл Қазақстан-Ресей дипломатиялық байланысының 30 жылдығын атап өтеміз almaty-akshamy.kz

Биыл Қазақстан мен Ресей екі арадағы дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығын атап өтеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен өткен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне жасаған бірлескен мәлімдемесінде осылай деді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бұл жыл – біздің мемлекеттер үшін айтулы жыл. Мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын атап өтеміз. Осы уақыт аралығында достықтың берік арқауына, тарихымыздың ортақтығына, халықтарымыздың менталдық жақындығына сүйеніп, шынымен де үлгі боларлық мемлекетаралық әріптестік құрдық», - деді Қазақстан Президенті.



Оның айтуынша, үдемелі саяси диалогтың арқасында екі мемлекет бүкіл бағыттар бойынша таңғаларлық табыстарға жеткен.



«Біздің арамыздағы әлемдегі ең ұзаққа созылып жатқан құрлықтағы шекарамыз халықаралық қауымдастыққа нағыз үлгі боларлық берекелі көршілестіктің, сенімді әріптестіктің және саяси серіктестіктің жарқын мысалы болып отыр дер едім», - деді Мемлекет басшысы.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0