Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» цехында қаза болған жұмысшылардың туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» цехында қаза болған жұмысшылардың туыстарына көңіл айтты
Cурет: Ашық дереккөз

Президент осыған қатысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Президент «АрселорМиттал Теміртау» АҚ цехында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының цехында болған апат салдарынан қазаға ұшыраған жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуді тапсырдым», – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.