Мемлекет басшысы Алматы қаласының қоғамдық көлік жүйесімен танысты

Президент «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС басқаратын ONAY электронды билет сату жүйесімен және Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерді диспетчерлік басқару орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Президентке қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесін енгізу және бүкіл үдерісті автоматтандыру нәтижесінде жолаушы тасымалы саласында көлеңкелі ақша айналымы айтарлықтай азайып, көлік кәсіпорындарының табысы бірнеше есе артқаны жөнінде баяндалды.