Мемлекет басшысы Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті
Суреттер: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Президент бауырлас Әзірбайжанмен достық және тату көршілік қарым-қатынас сипатындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы стратегиялық әріптестіктің қарқынды дамуы атап өтілді.

Президенттер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өзара іс-әрекетті кеңейтуге бағытталған бұрын қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысына жоғары баға берді.