Мемлекет басшысы қысқа мерзімді демалысқа шықты

Мемлекет басшысы қысқа мерзімді демалысқа шықты
Сурет: 24.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқа мерзімді демалыста болады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқа мерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі - Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады», - деп жазды Берік Уәли.