Мектептерге шектеу енгізіле ме?

Мектептерге шектеу енгізіле ме?
Сурет: Еgemen.kz

Қазір балаларды оқыту мәселесі жайында нақты тұжырым айту ертерек.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Мектеп оқушыларын оқыту тәртібі немесе оқу орындарындағы карантинге қатысты мәселелерді оқу жылы басталуға жақындағанда қарастыратын боламыз. Сондықтан қазір балаларды оқыту мәселесі жайында нақты тұжырым айту ертерек деп ойлаймын. Осы орайда алдағы уақытта эпидемиологиялық жағдай бойынша және қабылданған шаралар жөнінде тұрақты түрде ақпарат тарататын боламыз», - деді А. Ғиният.

Қазақстанда да 20 маусымнан бастап коронавирус инфекциясына шалдығу деңгейі өсті. Сонымен қатар, коронавирус көп таралып жатқан өңірлер белгілі болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі COVID-19 індетінің таралу қарқынына байланысты Қазақстанда енгізілуі мүмкін шектеулер жайында айтты.