Мектептердегі орын тапшылығы толық шешіледі - министр

Мектептердегі орын тапшылығы толық шешіледі - министр
Сурет: Atameken.kz

«Жайлы мектеп» жобасы арқылы елде 2025 жылға дейін 800 мың оқушыға арналған мектептер салу жоспарланып отыр.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Астанада 80 мың орынды қамтитын 24 мектеп салынады. Бүгін елордадағы бірнеше мектепті аралаған Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Министр қала шетіндегі мектептерге ескертусіз барды. Білім мекемелерінің жұмысы оң бағаланды. Асхат Аймағамбетов мектептерде бірдей сапа, бірдей мүмкіндік болуы керек екенін айтты. Жаңа мектептер бой көтерсе, бас қалада орын тапшылығы түбегейлі шешілетінін жеткізді.

«Мемлекет басшысының берген тапсырмасының шеңберінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Республика бойынша барлық облыстар өздерінің жер телімдерін белгілеп, айқындап, оған инженерлік инфрақұрылымның жеткілікті болу мәселесі, бұл жобаның ерекшелігі бұл тек қана мектептер, ғимараттар салу ғана емес, оған тратуар, автобус аялдамалары , инженерлік инфрақұрылымы қолжетімді бола ма барлық мәселелер кешенді қарастырылып жатыр», - ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.