Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізілмейді

Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізілмейді
Сурет: Рavon.kz

Бұдан бұрын түркітілдес елдердің мектеп бағдарламаларына ортақ пәндер енгізілмек болғанын хабарлағанбыз.

Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің V отырысында «Ортақ түркі тарихы», «Ортақ түркі әдебиеті» және «Түркі әлемінің географиясы» оқулықтарының жарыққа шығатыны туралы айтылған.

Ведомствоның ақпаратына сенсек, мектептерде осы бағыт бойынша жаңа пәндер енгізілмейді.

«Бұл жерде әңгіме факультатив ретінде қосымша таңдауға болатын курс жайында болып отыр. Яғни оқушылар өз қалауы бойынша түркі әлемін зерттеу үшін қосымша білім ала алады» деп мәлім етті министрліктен.