Мектепте үш оқушыны балтамен жаралаған бала туралы тың дерек шықты

Мектепте үш оқушыны балтамен жаралаған бала туралы тың дерек шықты Сурет: Ашық дереккөз

Қатарластарынан қысым көрген


Петропавлда оқушы мектепке балта алып келіп, үш баланы жаралаған. Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы осы оқиғаның мән-жайын айтты. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды.


Ақпанда жасөспірім психиатриялық бақылауда тұрған. Енді баланың бұған дейін де өзін-өзі өлтіруге оқталғаны белгілі болды.


«Бала суицид жасауға оқталған соң, үш ай сабақтан қалған. Бірақ мұғалімдер баланың әркетіне мән бермеген», – дейді прокурор.



 «Бұл бала 2021 жылы өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда мектеп бұл туралы денсаулық сақтау органдарына хабарламаған. Мектеп әкімшілігі суицид әрекетінің мән-жайын түсіндірмеді», – деді Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбу Әли Саттар.



Прокуратурада өткен жиында мұғалімдер бала сыныптастарына шабуыл жасамас бұрын қатарластарынан қысым көргенін айтты.


Айта кетейік,13 ақпанда Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке үш оқушыны балтамен жарақаттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет