Өзбекстанда мектепте орамал тағуға рұқсат берілді

Өзбекстанда мектепте орамал тағуға рұқсат берілді Сурет: Gazeta.uz

Биылғы оқу жылынан бастап Өзбекстанда оқушы қыздарға ақ немесе ашық түсті орамал тағуға рұқсат етілді


Өзбекстандық оқушы қыздар мектепте енді орамал тағып жүре алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Бұл туралы Өзбекстанның білім министрі Шерзод Шерматов 4 қыркүйек күні болған ашық диалог кезінде айтқан.



«Көптеген ата-ананың өтінішін ескере отырып, қыздарымызға осы оқу жылынан бастап мектепте ақ немесе ашық түсті ұлттық орамал тағып, тақия киіп жүруге рұқсат етпекпіз»,-  деді Өзбекстан Білім министрі.



Министрдің айтуынша, қыздарға жағасы ұзын көйлек киюге де рұқсат берілмек. 


Өзбекстан Министрлер кабинетінің 2018 жылғы 15 тамыздағы қаулысының («Мемлекеттік орта мектеп оқушыларын заманауи мектеп формасымен қамтамасыз ету туралы») 7-тармағына сәйкес, оқу орны ішінде оқушылар бас киімсіз жүрулері тиіс.


Кезінде бұл қаулының қабылдануы дін жолын ұстанатын ата-аналардың наразылығын тудырған.


Айта кетейік, Өзбекстанда жаңа оқу жылы 6 қыркүйекте басталады.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55