«Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды

«Мектепке жол»  акциясы ұйымдастырылды
Almaty-akshamy.kz

Акция ұйымдастырылды

Тамыз айын қайырымдылық айы десек, артық айтпағанымыз болар. Неге десеңіз, осыдан тура 11 жыл бұрын «Мектепке жол» бағдарламасы бастау алып, әр аймақтың қалталы азаматтары, қайырымды жүрек иелері демеушілік жасайды. Оқу жылының алдында 30 күн бойы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетіледі. Қазіргі нарықта барлығы қымбаттап жатқан заманда баланы мектепке дайындау оңай шаруа емес екені анық. Осы орайда Тәуелсіздікдің 30 жылдығына байланысты Наурызбай ауданында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Аталмыш шараға аудандық мәслихат депутаты Табылдинов Есен, Nur Otan партиясының мүшелері, бизнесмендер қатысып, 40-ден астам балаға мектеп формалары, жаңа сөмкелер табысталды.

«Жалпы, бұл акция 2002 жылдан бері қолға алынған. Жыл сайын ауданымыздың демеушілері кемінде 10-15 балаға көмек көрсетуде. Биыл да акция жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қуанған ата-аналар мен балалардың жарқын күлкісі біздің ет жүрегімізді елжіретіп, алдағы уақытта да осындай іс-шаралар ұймдастыруға күш-жігер берді»,–деді мәслихат депутаты Табылдинов Есен.

Еске сала кетсек, игі бастама қыркүйек айының 30-на дейін жалғасады. Акция барысында көмекке мұқтаж ата-аналардан өтініштер қабылданатын болады. Сол себепті көмек берілетін балалардың саны артуы да мүмкін.