Мектеп оқулықтары планшеттерге ауыстырылмайды

Мектеп оқулықтары планшеттерге ауыстырылмайды Сурет: Egemen.kz

25 сәуірде өткен Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтарын планшеттерге ауыстыру ұсынысынан бас тартқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Бізге ұсыныс жасау тапсырылғандықтан, біз оны тұжырымдап, оқулықтың орнына планшет қолдануды ұсындық. Бірақ салалық ведомство – Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселемен айналысып, қазір инновацияны енгізудің басқа әдісін ұсынып отыр. Олардың әдісі басқа, пікірі бөлек. Біз олардың пікіріне сүйенеміз», - деді министр.



Бұл ретте Бағдат Мусин Оқу-ағарту министрлігі қандай әдіс ұсынып отырғанын қоса айтты.



«Сыныптарда интерактивті панельдерді қолдану жоспарланып отыр», - деп түйіндеді ведомство басшысы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55