Мектеп медпункттерінің жұмыс стандарты әзірленді

Мектеп медпункттерінің жұмыс стандарты әзірленді
Сурет: Іnbusiness.kz

Құжат 3 қазанға дейін «Ашық НҚА» сайтында талқылау үшін орналастырылған.

Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасы қызметінің стандартын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жобаның мақсаты мектеп медицинасын ұйымдастыруды реттеу (мектеп жасындағы балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі, ұсынылатын штат нормативтері, ұсынылатын материалдық-техникалық жарақтандыру және т.б.).

Орта білім беру ұйымы оқушыларға дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуге арналған жеке кабинет (медициналық пункт) бөледі және оны жинау мен техникалық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді.

Медициналық пункт оқушылар саны 50 оқушыға дейін шағын жинақты мектептерден басқа, ұйымға бір geyrn есебінен орта білім беру ұйымдарында ашылады, - делінген құжатта.

Орта білім беру ұйымында медициналық пункт болмаған кезде оқушыларға медициналық көмекті аумақтық қағидат ескеріле отырып, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары (МСАК) ұсынады.

Орта білім беру ұйымы оқушылардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) жоспарлы тәртіппен вакцинация немесе басқа да медициналық қызметтер жүргізу кезінде медициналық араласуға хабардар етілген келісімін алуға немесе одан бас тартуына жәрдемдеседі.

Медициналық пункттің жұмыс кестесі орта білім беру ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес ауысымдық режимде белгіленеді, - делінген құжатта.

МСАК ұйымы, қызмет көрсету аумағында орналасқан, медициналық қызметке берілген лицензияға қосымшаның негізінде орта білім беру ұйымының медициналық пунктінде мынадай медициналық қызметті: медициналық-санитариялық алғашқы көмек: дәрігерге дейінгі, білікті мамандықтар бойынша балалар халқына амбулаториялық-емханалық көмекті жүзеге асырады.

Мектеп медицинасын ұйымдастыруға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:

- профилактикалық медициналық тексерулер жүргізу;

- профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;

- психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты мінез-құлық тәуекелдерінің профилактикасы және оларды төмендету;

- вакциналауды жүргізу;

- аурулардың профилактикасы, оқушылар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту семинарларын, тренингтер мен дәрістер ұйымдастыру және өткізу;

- білім беру және түсіндіру іс-шараларын өткізумен ата-аналар мен педагогтерді оқушылардың денсаулығын сақтауға тарту;

- жедел медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлері келгенге дейін кезек күттірмейтін жағдайларда алғашқы көмек көрсету болып табылады.

Медициналық пунктте оқушыларға медициналық көмекті «Педиатрия», «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша дәрігерлер (мектеп дәрігері), кеңейтілген практика мейіргері, жалпы практика мейіргері, учаскелік мейіргер, мамандандырылған мейіргер, білім беру ұйымдарындағы медициналық пункт мейіргері, «Мектеп медицинасындағы мейіргер ісі» мамандығы бойынша мейіргер (мектеп мейіргері) көрсетеді.

Оқушыларды жоспарлы диспансерлеуді, емдеуді және (немесе) ауруы бойынша оңалтуды олар бекітілген МСАК ұйымының жалпы практика дәрігерлері, учаскелік педиатрлар, бейінді мамандар, фельдшерлер мен мейіргерлер жүзеге асырады.

Мектеп дәрігері мынандай функцияларды жүзеге асырады:

- мектеп жасындағы балалардың денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі іс-шараларды жоспарлайды;

- профилактикалық медициналық тексеріп-қарау жүргізу кестесін жасайды және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;

- оқушыларды профилактикалық медициналық тексеруден өткізуге қатысады;

- профилактикалық медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша уақтылы диспансерлеуді бақылауды жүзеге асырады;

- профилактикалық медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша денсаулық топтарына сәйкес 1 және 2 денсаулық тобындағы оқушыларды негізгі дене шынықтыру тобына, 3 және 4 денсаулық тобындағы оқушыларды арнайы медициналық дене шынықтыру тобына айқындайды;

- арнайы медициналық топқа белгіленген оқушылардың тізімін орта білім беру ұйымына ұсынады;

- білім алушыларға, педагог және техникалық персоналға жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар (стационарға дейінгі кезек күттірмейтін көмек, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жіберу, «жедел» көмек бригадасын шақыру) жағдайларында кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді.

Мектеп оқушыларын профилактикалық тексеруден өткізуді, оқушылармен және олардың заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қоспағанда, білім беру ұйымының медициналық пунктінде мектеп дәрігерінің тұрақты қатысуы талап етілмейді.

Мектеп мейіргері мынандай функцияларды жүзеге асырады:

- профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізу үшін оқушылардың нысаналы топтарының тізімін жасайды;

- жоспарлы, маусымдық немесе эпидемиялық көрсетілімдер бойынша кейіннен егілгендерді бақылай отырып, оқушыларға  вакцинациялау жүргізуді қамтамасыз етеді;

- білім алушыларға, педагог және техникалық персоналға жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар (дәрігерге дейінгі кезек күттірмейтін көмек, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жіберу, «жедел» көмек бригадасын шақыру) жағдайларында кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді;

- МСАК ұйымының салауатты өмір салты маманымен бірлесіп салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

- білім беру ұйымдарының психологтары және әлеуметтік педагогтері бірлесіп, психикалық денсаулықты сақтау, темекі бұйымдарын тұтынудан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудан, сондай-ақ құмар ойындарға патологиялық елігуден туындаған суицидтік мінез-құлық пен тәуелділіктің профилактикасы бойынша жұмыстарға қатысады;

- Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар ескере отырып, тәрбиеленушілер мен оқушыларды бөліп отырғызуды бақылауды қамтамасыз етеді.

Шұғыл көрсетілімдер болған жағдайда немесе мектеп оқушыларының өміріне қауіп төнген кезде медициналық көмек ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімінсіз, көрсетілген медициналық көмек туралы ата-аналарды (заңды өкілдерін) кейіннен міндетті түрде хабардар ете отырып көрсетіледі.