Мектеп директорлары орындарын қашан ауыстырады?

Мектеп директорлары орындарын қашан ауыстырады?
Сурет: Рobedarf.ru

Бұл туралы заңнамаға өзгертулер енгізіліп, бұйрық бекітілді.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2022 жылдан бастап мектеп директорларының орнын ауыстыру басталатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен қатар ол биыл білім беру ұйымдары директорларын тағайындаудың жаңа жүйесі бекітілгендігін айтты.

«Осы жылдан бастап жаңа институт – директорларды ауыстыру институты жұмыс істей бастайды. Бізде бір мектепте 10 жылдан астам ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін директорлар өте көп. Бүгінде оларды ынталандыру, ауыстыру қажеттігі туындап отыр. Сондықтан тиісті заңнамаға өзгертулер енгізіліп, бұйрық бекітілді. Келесі жылдан бастап мектеп директорларын ротациялау басталады», - деді Асхат Аймағамбетов.