«Мектеп автобусы» жобасы Наурызбай ауданындағы 6 мектепке қызмет көрсетеді

«Мектеп автобусы» жобасы Наурызбай ауданындағы 6 мектепке қызмет көрсетеді
Сурет: Inbusiness.kz

«Мектеп автобусы» жобасы аясында №186 және №200 аса мұқтаж екі мектепке наурыз айында 2000 оқушыны тасымалдайтын 5 автобус бөлінеді. 

Бұл жайында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазір 206, 207, 208, 186, 157 мектептердегі 1500 оқушыға 21 автобус бөлінген. Тасымалдауды мектептің өздері жергілікті бюджетті қаржыландыру есебінен ұйымдастырады. Соның нәтижесінде 4 мектепте бұл автобустар мамандандырылған автобустарға ауыстырылады.