Мексикада мигранттар лагері өртенді

Мексикада мигранттар лагері өртенді
Сурет: ашық дереккөз

Мексикада мигранттар лагері өртеніп, 39 адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға елдің солтүстігіндегі Сьюдад Хуарес провинциясында болды,-деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Тағы 29 адам жараланған. Оларды ауруханаларға жеткізуге еріктілер тобы көмектесіп жатыр. Жалпы алғанда, өрт алдында бұл мекемеде 68 адам болған. Олар – Орталық және Оңтүстік Америка тұрғындары. Лагердің неліктен отқа оранғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Айта кетсек, бұл апат Мексикадан АҚШ аумағына өтемін деген мигранттар саны рекордтық деңгей жеткенде болып отыр.