Меккеде толассыз нөсерден екі адам қаза тапты

Меккеде толассыз нөсерден екі адам қаза тапты
Сурет: Facebook.com

Әуежайларда біраз рейстер тоқтатылды.

Сауд Арабиясының Мекке қаласында және оған іргелес аймақтарда басталған нөсер жаңбырдан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының Ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, жауын-шашынның ең көп мөлшері (жарты тәулікте шамамен 180 мм) теңіз жағалауындағы Джидда қаласына жақын ауданда жауған.

Жергілікті билік Меккені Джиддамен байланыстыратын тас жолды жабуға бұйрық берді, аталмыш қалалардағы әуежайларда біраз рейстер тоқтатылды. Азаматтық қорғаныс қызметтері халықты ауа райы қалпына келгенше, ерекше қажеттілік болмаса, үйден шықпауға шақырады.