Мегаполистің кітапхана жүйесін модернизациялау жалғасуда

 

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында кітапханаларды жаңғырту және олардың базасында балалар мен жастарға пайдалы бос уақытты өткізу орталықтарын құру туралы айтты.

Өткен жылы кітапханалар жүйесін жаңғыртуды бастап, 10 кітапхана толықтай жаңартылды.

«Қазір бұл орындар шаң басқан кітап қоймасы емес, заманауи кітап үйіне айналды. Алтынсарин даңғылы, 37 мекен-жайында орналасқан қазақстандық жазушылар кітапханасына барғанымда әкімдіктің қолдауымен шығарылған сөз шеберлерінің басылымы таныстырылды. Жалпы таралымы 65 мың дана болатын 30 түрлі кітап қаланың барлық кітапханаларына таратылды», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ қала әкімі Алатау ауданындағы жаңартылған №44, Түрксібтегі №26 және №1 кітапханаларда болды.

«Кітап сақтаудың заманауи жүйесі ондағы бос аймақты тиімді пайдалануға, яғни шығармашылық, шеберлік сыныптарын, отбасылық оқу сағаттарын өткізуге орын бөлуге мүмкіндік береді. Біз кітапханалардың жұмыс уақытын барынша ұзартып, демалыссыз қызмет көрсетуін ұйымдастыруға тырыстық. Кітапхананың барынша қолжетімді әрі келушілер үшін қызықты болуына мән бердік», — деп тілге тиек етті мегаполис әкімі.

Осы мақсатта танымал және жас жазушылармен кездесулер, шығармашылық кештер мен тақырыптық үйірмелер өткізіледі.

«Жаңғыртудан кейін оқырмандар саны 25%-ға, кей жерде 50%-ға көбейді. Әсіресе, оның көбі балалар екені қуантады», — деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *