Мегаполистің даму жоспарлары талқыланды

 

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың партиялық тізімге енген VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің бір топ алматылық депутаттарымен кездесуінде қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселесі қаралды.
Бақытжан Сағынтаев депутаттарды VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне сайлануымен құттықтап, қалалықтардың өтініштерін шешу үшін сайлау алдындағы уәделерді орындау бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Шаһар басшысы депутаттарды «Алматы-2025» даму бағдарламасының негізгі ережелерімен және «Жаңа Алматы» кешенді даму жоспарымен таныстырды. Осы құжаттарға сәйкес қала тұрғындарының 99,3%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салу, сондай-ақ жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту, жалға берілетін және несиелік тұрғын үйлер салу қарастырылған.

Сонымен қатар олар қоршаған ортаны жақсарту, тарихи орталықта құрылыс жүргізуге шектеу қою, мектепке дейінгі және қосымша біліммен қамтуды кеңейту мәселелерін талқылады. Мәжіліс депутаттары қалаға қосылған аумақтарда өмір сүрудің жағдайы мен сапасын жақсарту жөніндегі Алматы әкімдігінің бастамаларын қолдайтындықтарын білдірді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *