Мегаполисте балаларға мектеп формасы мен оқу құралдары таратылды

Мегаполисте балаларға мектеп формасы мен оқу құралдары таратылды
сурет: Taldykorgan-online.kz

Алматыда аз қамтылған 410 отбасыға мектеп сөмкесі табысталды.

Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы демеушінің қолдауымен 410 аз қамтылған отбасыға мектеп сөмкесін табыстады. Оқу жылы қарсаңында балаларға мектеп формасы мен оқу құралдары таратылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Ал, жүзіне күлкі үйірілген оқушылар мен ата-аналар шара ұйымдастырушыларына алғысын жаудырып жатыр. Айта кету керек, басқарма тарапынан мұндай қайырымдылық іс-шаралары жиі өткізіледі. Бүгінде көп балалы аналардың өзі де түрлі әлеуметтік іс-шараларға белсене қатысады.

«Біріншіден, ата-аналарымызды қуантып жатырмыз. Екіншіден, кішкентай балапандарымызды қуантып жатырмыз. Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында бір айда бір рет осындай іс-шаралар өткізіліп жатыр. Жылдың басынан бастап 1280 отбасыға біз көмектестік», – деді қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Нәзира Тоғызбаева.

«Бір баламызға болсын қол ұшын бергеніне ризамыз. Өйткені төрт баланы мектепке дайындау мына заманда өте қиын болып тұр. Біздің  бір жағымызға шығысты деп ойлаймын», – деді көп балалы ана Бағлан Жұмаділова.