Мегаполисте 45 отбасына айкүне гимнастикасына қатысу үшін 2 миллион теңге табысталды

Мегаполисте 45 отбасына айкүне гимнастикасына қатысу үшін 2 миллион теңге табысталды
chocolife.me

Алматыда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар айкүне гимнастикасына қатыса бастады.

Алматыдағы Наурызбай аудандық «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында аз қамтылған және көпбалалы 45 отбасына айкүне гимнастикасына қатысу үшін 2 миллион теңге табысталды. Енді әр отбасының бір мүшесі 10 күннен тұратын сабаққа қатыса алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қайырымды шараға мұрындық болған орталық басшылығы еңбек етуге ниетті әр анаға қол ұшын созуға дайын екенін жеткізді. Ал, шара барысында жиналғандарға айкүнеден шеберлік сағаты өткізіліп, жиналғандар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

«Ортамызда осындай шаралар көбірек бола берсін. Көпбалалы аналарымызға осындай акция арқылы денсаулығын жақсартатын гимнастика болсын», – деді Наурызбай аудандық «Бақытты Отбасы» әлеуметтік орталығының психологы Нұржамал Суесінова.