Медициналық ұйымдардағы қадағалаушы кеңестердің жұмысы қаралды

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров медициналық ұйымдардың қадағалаушы кеңестерінің төрағаларымен, бас дәрігерлермен корпоративті басқару және менеджмент деңгейін көтеру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Отырыста өткен жылдың қорытындылары шығарылды, сондай-ақ Алматыдағы 63 медициналық ұйымдарда құрылған қадағалаушы кеңестер қызметінің жұмыстары қаралды.

Ержан Бабақұмаров бірқатар бағыттар бойынша қадағалаушы кеңестердің жұмысын күшейту әрі сапасын арттыру қажеттігін тапсырды. Бұл менеджменттің ашықтығын, ішкі қадағалауды және тәуекелдерді басқаруды жақсартады.
Қадағалаушы кеңестердің міндеті медициналық ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру болып табылады. Осыған байланысты стратегиялық жоспарлау, бюджеттеу және шығын жүйелерінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, сондай-ақ корпоративтік басқару қағидаттарын кеңейтуге ерекше назар аудару қажет.

Қадағалаушы кеңестердің жұмысын жақсарту және ынталандыру үшін қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров олардың корпоративті басқаруға қосқан үлестерін дер кезінде бағалауды тапсырды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *